Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
12.04.2018

Мәжіліс депутаттары ТМД ПАА және ҰҚШҰ ПА іс-шарасына қатысуда


Астана, 12 сәуір, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаттары Мұхтар Ерман, Жанат Жарасов және Бақтияр Мәкен 12-13 сәуір аралығында Санкт-Петербургте өтіп жатқан ТМД ПА және ҰҚШҰ ПА іс-шарасына барды.

Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Мұхтар Ерман ТМД ПА және ҰҚШҰ ПА Кеңесінің Саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комиссия жұмысының отырыстарына, сондай-ақ алтыншы «Еуразиялық экономикалық перспектива» атты халықаралық форумының жұмысына қатысуда.

Мәжіліс депутаты Ж. Жарасов Қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі Тұрақты комиссиясының отырысына, ал депутат Б. Мәкен  ТМД қатысушы мемлекеттердің Жастар Парламентаралық Ассамблеясының отырысына қатысуда.

 

(74-63-01, Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі