Астана, 12 сәуір, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжілісте балалардың құқықтарын қорғау және халықаралық құқық саласындағы сарапшы Карол Берриді (Франция) Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы Светлана Бычкова және осы комитеттің мүшесі Василий Олейник қабылдады.
Әңгіме барысында Мәжіліс депутаттары ЮНИСЕФ-тің Қазақстанмен жасөспірімдерге қатысты ювеналдық әділет жүйесінің тәуелсіз халықаралық бағалау жүргізудегі рөлін атап өтті.
Сондай-ақ, тәуелсіз бағалау туралы деректер кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға арналған сот төрелігі жүйесін дамытудың одан әрі стратегиялық жоспарлауына, халықаралық стандарттарға сәйкес Қазақстанда қылмыстың құрбандары мен куәгерлерге арнайы әлеуметтік қызметтерді дамыту қажеттілігі туралы айтылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында Балалар мен жасөспірімдерді зиянды ақпараттардан қорғау туралы Заң жобасы талқылады.
(746301, Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі).
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі