Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
18.04.2018

Парламент Мәжілісі мен Индонезия Парламенті өкілдері табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелерін талқылады


Астана, 18 сәуір, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшелері Тамсил Линрунг бастаған Индонезия Парламенті Өкілдер Палатасының Энергетика және минералды ресурстар, зерттеу мен технологиялар және қоршаған орта мәселелері бойынша 7-ші Комиссиясы мүшелерімен кездесті.

Комитет төрағасы Глеб Щегельский Индонезия Қазақстанның сыртқы саясатында маңызды орынға ие екенін алға тарта келіп, қос ел басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Сусило Юдойононың мемлекеттік іс-сапарлары екі ел ынтымақтастығының тереңдей түсуіне зор ықпал еткенін атап өтті.  Қазіргі уақытта Қазақстан мен Индонезия арасындағы өзара іс-қимыл барлық салада табысты дамып келеді.

Тараптар, әсіресе, энергетика, минералдық ресурстар және қоршаған ортаны қорғау саласында екіжақты ықпалдастықтың әлеуеті зор екенін айтып, өзара тәжірибе алмасу жайын жан-жақты талқылады.  

Кездесу барысында парламентаралық әріптестікті тереңдету мәселесі де назардан тыс қалмады.    

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі