Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
27.04.2018

Мәжіліс Бюросы алдағы жалпы отырыстың күн тәртібін нақтылады


Астана. 27 сәуір, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтті. Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Алдағы сәрсенбіде Мәжіліс депутаттары газ және газбен жабдықтауға қатысты заң жобасы бойынша түзетулерді бірінші оқылымда қарайды деп күтілуде.

Ал, сақтандыру және сақтандыру қызметі, сондай-ақ, коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша түзетулер екінші оқылымда талқыланады деп жоспарланған.

Жалпы отырыста,  валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы және оған ілеспе заң жобалары депутаттар назарына ұсынылатын болады.

Бұл күнгі жалпы отырыстың күн тәртібінде бірқатар ратификациялық құжаттар да бар.  Мәселен, осы күні 1992 жылғы 6 шілдедегі ТМД Экономикалық Сотының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы қаралады. Және Қытаймен Қазақстанға тікелей инвестициялар салуды жүзеге асыратын Қытай-Қазақстан өндірістік қуаттарының ынтымақтастығы қоры кірісінің жекелеген түрлерін салық салудан босату туралы келісімге қатысты бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімі белгіленбек.

 

 (ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі