Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
02.05.2018

Мәжілісте тәуекелдік (венчурлік) қаржыландыру мәселелері бойынша түзетулер таныстырылады


                Астана, 2 мамыр, Мәжіліс Үйі. Бейсенбі, 3 мамырда Инвестициялар және даму министрлігі Мәжіліс депутаттарына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тәуекелдік (венчурлік) қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын таныстыратын болады.

                Баяндамашы - Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев.

                Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі - Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы Татьяна Яковлева.

                Отырыс Мәжіліс үйінде, сағат 11-00-де конференц-залда өтеді (екінші қабат).

 

                (Мөлдір Мұса - 746304. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.) 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі