Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
11.05.2018

Н. Нығматулин Мәжілістің Бюро отырысын өткізді


                Астана, 11 мамыр, Мәжіліс үйі.  Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

                Депутаттардың қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң  жобасын бірінші оқылымда ұсынылатын болады.

                Аталған Заң жобасында 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап дәрілік заттарға шекті бағаларды бекіту арқылы барлық дәрілік заттарға бағаларды реттеуді енгізуді қарастырады. Сондай-ақ, «денсаулық сақтау» технологияларын» кешенді бағалау негізінде азаматтардың жекелеген санаттарын тегін немесе жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз ету үшін дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдардың ұлттық формулярлық тізбесін қалыптастыру көзделген. Бұдан басқа, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды электрондық сатып алуға ауыстыру қарастырылған.    

                Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы екінші оқылымда қаралмақ.

                Бүгінгі Бюро отырысында Ақмола облысында 2018 жылғы 17 мамырда Мәжілістің  Экономикалық реформа және өңірлік даму  комитетінің  көшпелі отырысын өткізу туралы мәселесіне назар аударылды.

 

(74-63-01, Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі