Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
21.05.2018

Мәжіліс депутаттары мұнай-газ секторын дамыту бойынша ұсынымдар әзірледі (Мәжілістегі Үкімет сағаты)


Астана, 21 мамыр, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжілісте Палатаның вице-спикері, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Гүлмира Исимбаеваның төрағалық етуімен үкімет сағаты өтті.

Үкімет сағатын ашқан Мәжіліс Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева депутаттар тарапынан мұнай-газ секторын дамыту үшін заңнама жағынан толық  қолдау көрсетіп келе жатқанына тоқталды.

-                      Оның айғағы тау-кен және мұнай-газ саласын реттеудің жаңа тәсілдерін көздейтін Жер қойнауы туралы кодекс қабылданғаны, сондай-ақ өңдеуші секторға қатысты салықтық саясаттың өзгеруі –  өңірлердің  одан әрі әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуы үшін жасалатын мультипликативтік әсерін айтпағанда, мұнай-газ секторының одан әрі дамуына жаңа қарқын беруге тиіс. Сонымен қатар, депутаттардың бастамасымен сұйытылған газ жөнінде заң жобасы дайындалып Мәжілістің қарауында. Оның мақсаты:  сұйытылған газдың  дифицитін болғызбау, - деді вице спикер.а. 

Отырыста Энергетика министрі Қанат Бозымбаев «Қазақстанның мұнай-газ секторын дамыту туралы» баяндама жасады. Онда «2017 жылы және ағымдағы 4 ай ішінде мұнай-газ саласының секторлары бойынша елеулі өсім байқалуда.  Мұнайды өңдеу секторында өсімнің драйвері – Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған мұнай – газ жобалары болып қалуда. 2017 жылы Қашағанның өндірістік игерілуіне шығуына байланысты республика бойынша жылдық мұнай өндіру көлемі 86,2 млн.тоннаға дейін өсті (2016 жылы 78-ден), соның ішінде Қашағанда 8,3 млн.тонна өндірілді.  Осылайша, елімізде жыл сайынғы мұнай өндіру жаңа деңгейге көтерілді» - деді министр.  

Сондай-ақ, министр бүгінгі күні сапалы ауысып жатқан мұнай өнімдерінің нарығына тоқталды.

Біріншіден, Павлодар және Атырау мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртудың аяқталуымен мотор отынындағы импорттық тәуелділік үлесін төмендетті.

Бүгін нарықты отандық мұнай өнімдерімен қамтамасыз етілуі бензинге - 90%, дизель отынына бойынша - 90%, әуе керосиніне – 58% астамды құрады.

Осы жылы Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту аяқталады.

2018 жылы мұнай өңдеу көлемі 1 млн.тоннадан аса жоғарылайды және 16 млн.тоннаны құрайды.

Жалпы, бензин және дизель отыны (қысқы) бойынша орын алған импортқа тәуелділікті ескере отырып барлық мұнай базаларында қалған және жанар-жағар май импортының көлемі бойынша нарықты қамтамасыз ету жағдайына тәулік сайынғы мониторинг жолға қойылған.

Екіншіден, жылдың басынан К4 және К5 стандарттарына сәйкес келмейтін отындарды шығаруға тыйым салатын Кеден одағының Техрегламенті күшіне енді. Бұл экологиялық аспект.

Үшіншіден, тұтынушыларды барынша тұрақты қамтамасыз ету үшін, Министрлік үш мұнай өңдеу зауыттарын жоспарлы жөндеу және жүктеу мерзімдерін үйлестіруді жақсартты. Мысалы, осы айда Шымкент зауытына жоспарлы-алдын ала жөндеу жұмыстары, өндірісті 39 күнге тоқтату ЖЖМ тапшылығын тудырмайды.

Төртіншіден, үш МӨЗ-де өнімділікті арттыру үшін техникалық жөндеумен (ТОРО) автоматты басқару жүйесі ендірілуде. Яғни, жыл сайынғы жөндеу мерзімдері 45-тен 20 күнге қысқарады, ал 45 күнге тоқтату үш жылда бір рет жүргізілетін болады.

Бұл әр МӨЗ-де мұнай өңдеу көлемін жылына орташа 300 мың тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Осылайша, алдағы болашақта біздің нарық отандық мұнай өнімдерімен толықтай қамтылмақ.

Депутаттар алдында одан әрі Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Г. Щегельский қосымша баяндама жасап, ел экономикасына қатысты стратегиялық маңызды болып табылатын мұнай-газ саласының мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ, депутаттар мемлекеттік орган басшысына бірқатар сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

Үкімет сағатының қорытындысы бойынша Мәжіліс депутаттары тиісті Ұсынымдар қабылдады.

 

(746301. Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі, суретті түсірген Сайлау Майлыбаев).

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі