Астана, 22 мамыр, Мәжіліс Үйі. Бейсенбі, 24 мамырда Мәжілістің Экономикалық реформа және өңiрлiк даму комитетi дөңгелек үстел отырысын өткізеді.
Тақырыбы: «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру барысы туралы».
Бұл туралы Инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев баяндайды.
Сондай-ақ, отырыста Мәжіліс депутаттарының, «Атамекен», «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ өкілдері мен Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің өкілдері сөз сөйлейді деп күтілуде.
Отырыс Мәжілістің конференц залында сағат 11-00-де басталады.
(74-63-01. Ақпаратты Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі таратты).
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі