Астана, 24 мамыр, Мәжіліс үйі. Ағымдағы жылдың 24-25 мамырында Атырау облысында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Батыс» Өңірлік Қолбасшылығы базасында Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Каспий теңізінің қазақстандық секторын қоса алғанда, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың өңірлік бөлімшелерінің Мемлекеттік шекараны қорғауды қамтамасыз етудің жай-күйі туралы көшпелі отырысы өтті.
Тұрақты комитеттің төрағасы Мұхтар Ерман көшпелі отырысты ашу барысында Елбасымыз, Жоғарғы Бас Қолбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұлттық қауіпсіздік пен еліміздің қорғанысын қамтамасыз етуге ерекше назар аударып келе жатқанын атап өтті. Соңғы кездері еліміздің Парламенті өз кезегінде еліміздің қорғаныс әлеуетін арттыратын және әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік жағдайын көтеретін көптеген құқықтық актілерді қабылдады.
Мәжілістің депутаттары жұмыс сапары барысында Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері, ҚР ІІМ Ұлттық ұлан мен ҚР ҰҚК Шекара қызметі бөлімшелерінің әскери дайындықтары сұрақтарын зерделеді. Әскери бөлімдерде депутаттар заманауи қару-жарақты, әскери техниканы және қызмет көрсететін мүліктерді тексерді.
Іс-шара шеңберінде олар «Батыс» Аймақтық басшылығы қолбасшылығының әскерлері басқармасында, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұланның және ҰҚК шекара қызметінің әскери бөлімдерінде болды.
Іс-шара соңында Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері еліміздің батыс аймағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды қамтамасыз етудің жоғары баға берді.
Отырысқа Мәжіліс депутаттары, Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамы, ҚР ҰҚК Шекара қызметі мен Ұлттық ұлан өкілдері қатысты.
(Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі).
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі