Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
24.05.2018

«Нұр Отан»: тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жаратуды басқару тетігін жетілдіру (эколог-депутаттардың отырысы)


Астана, 24 мамыр, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті «Нұр Отан» партиясының Фракциясы жанындағы Өңірлік саясат және мәслихаттармен жұмыс жөніндегі кеңесімен бірлесіп дөңгелек үстел отырысын өткізді. Кездесу партияның орталық аппаратының ғимаратында өтті.

Отырыс Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы аясында тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жаратуды басқару тетігін жетілдіруге бағытталды.

Іс-шараны ашу барысында модератор, Мәжіліс депутаты Г. Щегельский қатты тұрмыстық қалдықтарды жою мен қайта өңдеу және оларды басқару жүйесін жетілдіру мәселелерін жан-жақты талқылау мақсатында ұйымдастырылып отырғандығын атап өтті. 

Отырыста алғашқы сөз «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ф. Қуанғановқа беріліп, Энергетика вице-министрі М. Досмұхамбетов «Қазақстан Республикасындағы қатты тұрмыстық қалдықтар саласы: қазіргі ахуалы, проблемалары мен шешу жолдары» тақырыбында баяндама жасады.

Аталған тақырыптың әртүрлі аспектілері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты И. Унжакова, Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану басқармасының бас маманы А.Сұлтанғұлова, «KazWaste» қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық қауымдастықтың басқарма төрағасы Ш. Байқұлов, ПРООН/ГЭФ жобасының және Үкіметтің энерготиімділік жөніндегі үйлестірушісі А. Белый, «Оператор РОП» ЖСН-нің атқарушы директоры  А. Дангилова сөз сөйледі

Дөңгелек үстелдің қатысушылары қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу саласын дамытудағы тежеуіш факторлардың негізгілері ретінде өндіріс желілерінің қымбатшылығы, қалдықты іріктеуге қажетті қосымша шығындар, қаржылық ресурстың тапшылығы мен тұрғындарда қалдықтарды бөлуге мәдениетінің жоқтығы болып табылатындықтарын атап өтті.  

Жиналысқа бейнеконференция режимінде Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының жергілікті атқарушы органдарының өкілдері қатысты.

Талқылау нәтижесі бойынша отырыс қатысушыларымен бірлесе отырып Кеңес тарапынан ұсынымдар әзірленіп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне жолданатын болады.

 

 (746301, Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі. Суретті түсірген Сайлау Майлыбаев).

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі