Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
31.05.2018

Нұротандық депутаттар «Нұрлы Жол» бағдарламасы арқылы салынып жатқан жолдарға бақылау жасады


Астана, 31 мамыр, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы, депутат Г. Щегельскийдің жетекшілігімен «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі Фракциясы жанындағы Комиссияның көшпелі кеңесі өтті.

Кеңестің мақсаты  - Астана – Павлодар – Семей қалалары мен  Қалбатау бағыты бойынша «Орталық - Шығыс» коридорының іске асырылуын бақылау болып табылады.  

Комиссияның жұмысы барысында Ақмола және Павлодар өңірлерінің автомобиль жолдарының жұмыстарымен танысты.

Жалпы «Орталық - Шығыс» коридорының ұзындығы 905 шақырымды құрайды. Жоба бүгінгі таңда белсенді түрде жүргізілуде. Коридорды қайта жаңғыртудан кейін толық іске қосу 2019 жылға жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда жолдың 404 шақырымы пайдалануға  берілген. Оның ішінде, 118 шақырымы - 2015 жылға дейін, 100 шақырым - 2015 жылы, 12 шақырым - 2016 жылы, 174 шақырымы - 2017 жылы берілген.

Ағымдағы жылы қалған 501 шақырам бойынша жұмыстар жүргізілсе, оның ішінде 241 шақырымы «Астана - Павлодар», 260 шақырымы «Павлодар - Қалбатау» жолдары.

2018 жылдың қорытындысы бойынша Астана – Павлодар және Павлодар –  Семей учаскелерінің бағыты бойынша жолды толық іске қосу жоспарланып отыр. Нәтижесінде 196 шақырым жол іске қосылмақ. Ағымдағы жылы бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 55,3 млрд.теңге бөлінген. Бүгінгі күні оның 9,1 млрд.теңгесі игерілген.

Көшпелі кеңестің нәтижесінде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, Орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар үшін комиссиялық түрде ұсынымдар дайындалып, бақылауға алынды.

 

(74-63-01, Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі