Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
01.06.2018

Мәжіліс депутаттары парламенттік форумдарға қатысуда


Астана, 1 маусым, Мәжіліс Үйі. Маусым айының басында Мәскеу және Ташкент қалаларында халықаралық парламенттік шаралар ұйымдастырылуда. Оған Қазақстанның Парламент Мәжілісінен бірқатар депутаттар белсенді  түрде қатысуда.

Атап айтқанда, Ресей астанасында парламентаризмді дамыту жөніндегі форум өтуде. Оған әлемнің жүзден астам елінен парламентшілер мен жетекші сарапшылар, саяси қайраткерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуда. Форумда парламентшілер экономиканы цифрландыру, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және терроризмге қарсы әрекет ету сияқты өзара ынтымақтастық мәселелерін қарастыруда.

Ал Өзбекстан астанасында парламентшілер Арал теңізі апатының салдарын жою және Орталық Азиядағы қоршаған орта мен тұрақты даму саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі конференция жұмысына қатысады.

 

 ( 746301. Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі