Астана, 4 маусым, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте Вице-спикер Г. Исимбаева БҰҰ Халықтың қоныстануы қорының Қазақстандағы Өкілі, Қырғызстан және Түрікменстан бойынша елдік басшысы Дж.Валеземен кездесті.
Кездесуде Палатаның вице-спикері Қазақстанның әлеуметтік дамуына, соның ішінде халықтың денсаулығын жақсартуға қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, соның нəтижесінде, ана өлімінің үш есе азаюына қол жеткізілгенін айтты.
Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстанның Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ, Қазақстан мен ПХҚДАФ арасындағы байланыс пен басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелеріне де көңіл бөлді.
Сонымен қатар Астанадағы Азия халықтары және даму қоры жанындағы Жастар жөніндегі Конференцияға дайындық барысы талқыланды. Осы ретте, Мәжіліс депутаты Бақтияр Мәкен ТМД-ның Жастар Парламентаралық Ассамблеясының осы Конференциясына қатысуға ниет білдіріп отырғанын айтты.
Қонақтар кездесуде Қазақстанмен өзара ынтымақтастық туралы айта отырып, дипломат осы күзде Астанада Парламентшілердің халықтың қоныстануы мен дамуы жөніндегі Азия Форумының шеңберінде өтетін конференция жұмысына көмек көрсетуге дайын екендігін жеткізді.
(746301. Суретті түсірген Жаслан Құспанов. Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі).
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі