Астана, 6 маусым, Мәжіліс Үйі. Бейсенбі, 7 маусымда Мәжілісте сағат 11.00-де (конференц зал, А 235, екінші қабат) депутаттар «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығымен кездеседі.
Кездесуге Мәжіліс Төрағасы Н.Нығматулин, «Атамекен» ҰКП Президиумының Төрағасы Т.Құлыбаев, Қазақстан Республикасы Президентінің және Премьер-Министр Кеңсесінің өкілдіктерінің басшылары қатысады.
Күн тәртібінде «Атамекен» ҰКП қызметінің 5 жылдық жұмысы қорытындалады. Сонымен қатар бизнес климатты жақсарту, адам капиталын дамыту, бизнестің жауапкершілігін арттыруға бағытталған баяндамалардың жасалуы қарастырылуда.
Кездесу басталғанға дейін Ұлттық палатаның жүзеге асырған жобаларының таныстырылымы жоспарланған.
(74-63-01, Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі