Астана, 15 маусым, Мәжіліс Үйі. Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі анықталды.
Онда Қазақстан мен Ресей арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға алу жағдайында Байқоңыр ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы және Қазақстан мен Иордания арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерді ратификациялау жөнінде заң жобалары бар.
Сондай-ақ осы күні Мәжіліс бірқатар заң жобаларын жұмысқа қабылдайды деп күтілуде. Олардың қатарында мемлекеттік қызмет және сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» және оған ілеспе заң жобасы, сондай-ақ көлік мәселелері бойынша түзетулер бар.
Сонымен бірге, Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы ратификациялалық Заң жобасы қамтылған.
(74-63-01, Мәжіілс Аппаратының Баспасөз қызметі).
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі