Астана, 18 маусым, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжіліс Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Итиро Кавабатамен кездесті.
Вице-спикер бұл кездесу екі жақты қатынастарды, оның ішінде парламентаралық байланыстарды нығайтудағы тағы бір қадам екеніне назар аударды.
Г. Исимбаева осы жылдың күзінде Мәжілістің бастамасымен өтетін жастар жөніндегі халықаралық парламенттік конференцияға дайындық басталғанына тоқталып, форумның тең ұйымдастырушылары – ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі және Парламентшілердің халықтың қоныстануы мен дамуы жөніндегі Азия Форумы екенін айтты.
Сондай-ақ, Мәжіліс Төрағасының орынбасары БҰҰ Халықты қоныстандыру саласындағы қорының қолдау көрсетіп жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар конференцияның маңыздылығы туралы әңгімелеген елші болашаққа жасаған ең жақсы инвестиция - жастарға салынған инвестиция екеніне тоқталды.
Тараптар Конференцияның күн тәртібі туралы әңгімелесу барысында елдердің географиясы, қатысушылар саны мен форумды ұйымдастырушылық және техникалық қолдау мәселелерін талқылады.
(74-63-01, Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі).
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі