Астана, 18 маусым, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжілісте Палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Ерманның Түркітілдес елдері Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповпен кездесуі өтті.
Әңгіме барысында парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.
Мәжіліс депутаты ТүркПА Кеңсесін осы күзде Астанада өтетін Халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі парламентарийлердің Азиялық Форумының аясында жоспарланған жастар инвестициялық форумының жұмысына қатысуға шақырды.
(Мөлдір Мұса - 74-63-04. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты. Суретті түсірген –Сайлау Майлыбаев.)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі