Астана, 20 маусым, Мәжіліс Үйі. Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалық етуімен өткен жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары жаңа заң жобаларын мақұлдады.
Атап айтқанда, депутаттар Қазақстан мен Ресей арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға алу жағдайында Байқоңыр ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады.
Бүгінгі күні Байқоңыр қаласының халқы еліміздің барлық өңірлерінде қолжетімді жоғары мамандандырылған медициналық көмекке қол жеткізу мүмкіндігінен айырылып отыр.
Сондықтан да Заң жобасына енгізілген өзгерістердің маңыздылығы Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде тұрып жатқан Қазақстан азаматтары Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес медициналық көмек алу мүмкіндігіне ие болады.
Жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы ынтымақтастық туралы Иорданиямен жасалған келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады.
Сонымен қатар Мәжіліс кейбір конституциялық заңдар, сайлау мәселелері, сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы туралы Сенаттың түзетулерін қарады.
Осы отырыста Мәжіліс бірқатар Заң жобалары бойынша бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімдерін белгіледі. Олардың қатарында «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» және оған ілеспе заң жобасы. Сонымен қоса, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты, сондай-ақ, көлік мәселелеріне байланысты және Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобалары бар.
Жалпы отырыс соңында халық қалаулылары бірқатар мемлекеттік органдардың басшыларына бірнеше депутаттық сауалдар жолдады. Олар Н.Сабильянов, М.Қазбекова, К.Абсатиров, Ш.Өтемісов, И.Смирнова, Е.Никитинская, А.Смағұлов, А.Перуашев.
(74-63-01, Ақпаратты Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі таратты. Суретті түсірген Жаслан Құспанов).
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі