Астана, 20 маусым, Мәжіліс үйі. Бейсенбі, 21 маусымда Мәжілісте дөңгелек үстел отырысы өтеді.
Тақырыбы – «Табиғи монополиялар туралы заңнаманы және тариф белгілеуді жетілдіру».
Отырыста тарифтік реттеудегі жаңа тәсілдер туралы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі С. Жұманғариннің және энергетикалық секторды жетілдіру шаралары туралы ҚР Энергетика вице-министрі Б. Ақшолақовтың баяндамалар жасауы қарастырылған.
Сонымен қатар, Астана қаласы мен Қарағанды облысының, «Атамекен» ҰКП және тұтынушылардың құқықтарын қорғау ұлттық қоғамының өкілдері сөз сөйлейді деп күтілуде.
Дөңгелек үстелдің отырысына «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» ҚБ, «Бірлік» саяси партиясы» ҚБ, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» РҚБ саяси партиялардың өкілдері шақырылған.
Дөңгелек үстел 21 маусымда сағат 11-00-де Мәжіліс үйінде, 2-қабаттағы конференц залда (235 каб.) өтеді.
(746301. Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі).
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі