Астана, 22 маусым, Мәжіліс үйі. Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің Бюро отырысы өтіп, Палатаның жалпы отырысында талқыланатын мәселелер қатары айқындалды.
Күн тәртібінің жобасына депутаттардың назарына ратификацияланатын заң жобаларын қарау ұсынылды. Олар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Табыс пен мүлiкке қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімге енгізілетін түзетулер. Бұл түзетулер салықтық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, екі ел арасындағы тығыз экономикалық байланыстарды дамытуға ықпал етеді.
Осылардың қатарында «Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше бір мемлекеттің азаматтары Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше екінші мемлекеттің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде ұшыраған өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы қамтылған.
Сонымен қатар күн тәртібінде Палатаға бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімдерін белгілеу бойынша заң жобалары ұсынылды.
Ол ЕАЭО шеңберінде ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының айналысы туралы келісімді ратификациялау. Келісімді іске асыру Қазақстанға сұрыптарды сынау және тұқым шаруашылығы саласындағы заңнаманы жетілдіруге, ЕАЭО шеңберінде тұқымдар нарығына шығу мүмкіндігін кеңейтуге, селекцияны және тұқым шаруашылығын дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл отандық ауыл шаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
(74-63-01, Мәжілістің Баспасөз қызметі, суретті түсірген Ж. Құспанов).
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі