Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
09.07.2018

Қарағанды облысы: депутаттар Елбасының әлеуметтік бастамаларын коммуналдық сала қызметкерлерімен талқылады


 

Астана, 9 шілде, Мәжіліс үйі. Қарағанды облысында Мәжіліс депутаттары Гүлнар Бижанова мен Серік Сәпиев аймақтарға сапары барысында халықпен  кездесу өткізді.

Депутаттар Бұқар-Жырау ауданындағы Қушоқы ауылына барып, «Ботақара Жылу» еңбек ұжымымен кездесті. Бүгінгі таңда кәсіпорында сумен, жылумен жабдықтау және суды бұру желілері жүзеге асырылуда. Орталық жылытуға 316 үй қосылса, оның ішінде 16 көпқабатты тұрғын үй, 5 бюджеттік ұйым мен жеке меншік кәсіпорындар да бар.

Кездесудің басты тақырыбы Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасы туралы болды. Тұрғылықты халықпен кездесу барысында Мәжіліс депутаттары әлеуметтік жаңалықтарды енгізудің негізгі тетіктерін, оның ішінде, үшінші сессия барысында қабылданған заңнамалық нормалар туралы айтты.

120-ға жуық адам жұмыс істейтін кәсіпорында өткен кездесуде өзекті мәселелер көтерілді. Қатысушылар депутаттарға Қушоқы ауылына газ құбырын тарту мен «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үй алудың тетіктерін және басқа да көкейтесті сұрақтар қойып, Президенттің әлеуметтік бастамаларының маңыздылығын атап өтті.

Жиналғандар аудан үшін өзекті мәселелерге де назар аударды. Атап айтқанда, 60 жылдардың басында салынған жергілікті су желілерін қалпына келтіру мен жедел жәрдем бөлімшесінің жабылуы сияқты проблемаларды көтеріп,  өз кезегінде  Мәжіліс депутаттары бұл мәселелерді дербес бақылауларына алды.

 

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі. Сурет пен ақпарат «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалының материалдары бойынша дайындалды).

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі