Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
09.07.2018

Депутат Түркістандағы әлеуметтік және өндірістік нысандарға барды


 

Астана, 9 шілде, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаты Наталья Жұмаділдаева аймақтарға жұмыс сапарын бастады. Депутат Шымкент қаласындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында облыстық Ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілерімен, этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен және өңір тұрғындарымен кездесуден бастады.

Жүздесуде депутат Елбасының Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында айтылған басымдықтардың іске асырылу барысымен танысып, Мемлекет басшысының Бес әлеуметтік бастамасы шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстарды талқылады.

Сондай-ақ, осы күні Н.Жұмаділдаева Шымкент қаласындағы С.Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицейінің және қалалық Оқушылар сарайының жұмысымен танысып, педагог кадрлармен кездесті. Онда еліміздегі білім беру саласындағы реформалар мен мұғалімдерді әлеуметтік қорғау мәселелеріне назар аударылды.

Сонымен қатар Мәжіліс депутаты Наталья Жұмаділдаеваның аймақтарға сапары барысында Түркістан облысындағы Сайрам, Төлеби, Ордабасы, Мақтарал, Сарыағаш аудандарындағы бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралап, еңбек ұжымдарымен, жергілікті тұрғындармен кездесулер мен жеке қабылдаулар өткізуде.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі