Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
11.07.2018

Мәжіліс депутатары Павлодардағы алюминий зауытына барды


 

Астана, 11 шілде, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс депутаттары Мейрам Пішембаев, Альберт Рау, Александр Суслов, Айгүл Нұркина, Айзада Құрманова мен Анар Жайылғанова Павлодар облысындағы жұмыс сапары аясында «Қазақстан Алюминийі» АҚ барды.

«Қазақстан алюминийі» зауытында мәжілісмендер өндіріс процесімен  танысып, еңбек ұжымымен кездесіп, өндірістік саланы цифрландыру мәселелерін талқылады.

«Алюминий заводы – бұл өте қуатты, елімізде ғана емес, шетелде де үлкен сұранысқа ие өнім шығаратын алып өндіріс орны. Бүгінде заводта жаңа технологиялардың енгізіліп жатқанын көрдік. Цифрландыру жүзеге асырылуда. Бұл заводтың ел экономикасына қосқан үлесі өте зор. Меніңше, мұндай алдыңғы қатарлы кәсіпорындар әрі қарай дами беруі және олардың айналасында кіші және орта кәсіпкерлік жетілуі тиіс», - деді депутат Мейрам Пішембаев.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі. Сурет пен ақпарат «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық филиалының материалдары бойынша дайындалды).

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі