Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
11.07.2018

Жамбыл облысында мәжілісмендер агроөнеркәсіп кешенін заңнамалық қамтамасыз ету мәселелерін талқылады


 

Астана, 11 шілде, Мәжіліс Үйі. Мәжіліс депутаты Қожахан Жабағиевтің Жамбыл облысындағы сапары барысында «Бурное сүт компаниясы» қызметкерлерімен кездесті.

Компания күніне 49 тонна ірімшік, сары май және сүт шығарады. Жалпы зауытқа 8 ауыл шаруашылық кооперативі, 50 шаруақожалығы, 25 жеке кәсіпкер сүт өткізеді. Бүгінгі таңда компанияда 93 адам жұмыс істейді.

Мәжілісмендер зауыт жұмысшыларымен әңгіме барысында өндіріс қуаттылығы, салық салу, сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамытуға заңнамалық қолдау көрсету мәселелерін талқылады.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі. Сурет пен ақпарат «Нұр Отан» партиясының Жамбыл облыстық филиалының материалдары бойынша дайындалды).

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі