Астана, 12 шілде, Мәжіліс үйі. Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясы жетекшісінің орынбасары, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов 9 шілдеден бастап Шығыс Қазақстан облысында сайлаушылармен кездесулер өткізуде.
Депутат Аягөз ауданының Ақшәулі, Мыңбұлақ ауылдарында, Көкпекті ауданының Көкпекті, Самарское, Бастаушы ауылдарында, Күршім ауданының Күршім, Марқакөл, Қалжыр және Боран ауылдарында тұрғындармен жүздесті.
Кездесулерде депутат Нұртай Сабильянов ауыл тұрғындарына Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасының қазақстандықтарға үлкен маңызы бар екендігін түсіндірді. Сондай-ақ, оларды жүзеге асырудың міндеттері мен Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі міндеттерінің жүзеге асырылу барысы туралы айтты. Сонымен қатар, депутат Қазақстан Республикасы Парламентінің заң шығару қызметі туралы сайлаушыларға ақпарат берді.
Аудан тұрғындары өз кезегінде ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлікті дамыту, шағын несиелеу, тұрғын үймен, ауыз сумен, газбен қамтамасыз ету, автожолдарды жөндеу, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, интернет-байланысты дамыту және әлеуметтік нысандарды салу сияқты басқа да мәселелерді көтерді.
Сайлаушылардың қойылған барлық сұрақтарына депутат жауап берді.
Сайлаушылармен кездесулер өткізу барысында депутат Н.Сабильянов сумен жабдықтау нысандарының құрылысы мен автожолдарды реконструкциялау барысымен танысты.
Депутат Н.С. Сабильяновтың тұрғындармен кездесулері одан әрі Шығыс Қазақстан облысы Зайсан, Тарбағатай, Үржар аудандарының елді-мекендерінде жалғасады.
(Мәжілістің Баспасөз қызметі).
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі