Мәжіліс депутаттары Гүлжан Қарақұсова мен Татьяна Яковлева Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Ақмол ауылында «Жаңа Сервис-2007» қызметкерлерімен кездесті.
Бүгінгі таңда автоклавты газ-бетон шығаратын зауыт тек аймақты ғана емес, Астананың құрылыс базарларына заманауи және бәсекеге қабілетті материалдарын жеткізіп отыр.
Кәсіпорын Целиноград ауданының индустрияландыру картасына енгізілген. Үстіміздегі жылдың мамыр айынан бері 1344 шаршы метр газоблок шығарған.
Сапар барысында Мәжіліс депуттары өндірістік процесстермен танысып, кәсіпорын жұмысшыларына Елбасының Бес әлеуметтік бастамасының іске асырылу тетіктері туралы айтып, құрылыс индустриясына арналған перспективалар зауыттың дамуына жаңа мүмкіндіктер туғызатынын жеткізді.
(Мәжілістің Баспасөз қызметі. Сурет пен ақпарат «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалының материалдары бойынша дайындалды).
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі