Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
22.08.2018

Мәжіліс депутаты А.Дәуренбаев Ақсу қант зауытының жұмысымен танысты


Астана. 22-тамыз. Мәжіліс үйі. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Амангелді Дәуренбаев аймақтарға сапары кезінде Алматы облысы, Ақсу ауданындағы қант зауытының жұмысымен танысты.

Аталған зауыт өткен жылдың  қазан айында іске қосылған. Кәсіпорында 67 797 тонна қант қызылшасы өңделіп, 4 мың тонна қант алынған.  Бүгінде зауыт заман талабына сай жаң қондырғылармен жабдықталып, жаңа жұмыс орындары ашылған. 

Мәжіліс депутаты жұмысшылар алдында Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы жайында, басқа да маңызды мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы жайында баяндап, Елбасы тапсырмаларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету барысына тоқталды.

Сонымен бірге, ұжым жұмысшыларын толғандырған өзекті сұрақтарға жауап берді.

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі – 74-63-02)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі