Астана, 23 тамыз, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Берік Оспанов, Дархан Мыңбай, Уалихан Қайназаров Түркістан облысының, Түркістан қаласына жұмыс сапарымен келді.
Депутаттар индустриалды аймақ «Гран Микс» ЖШС жиһаз шығаратын өндіріс орнының қазіргі тыныс-тіршілігімен танысты. Сондай-ақ, қала әкімі аппаратында сәулет және қала құрылысы бөлімінің ұжымымен кездесіп, болашақ жоспарлар бойынша пікір алмасты.
Халық қалаулылары Ораңғай ауылында орналасқан құс фабрикасында болды.
Әрбір жүздесуде, Елбасының маңызды әлеуметтік бастамалары төңірегінде кеңінен әңгіме қозғалып, оларды заңнамалық тұрғыдан қолдау жұмыстары айтылды.
(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі