Астана, 27 тамыз, Мәжіліс үйі. Бүгін нұротандық депутаттар Ирина Аронова, Иван Клименко және Әлия Сапарова Қостанайдағы Садовой ауылына барды.
Мәжілісмендер жұмыс сапарын аймақтағы ірі құрылыс жобаларының бірі болып табылатын «Стройпром» ЖШС-нен бастады.
Кәсіпорын негізінен жоғары сапалы құрылыс материалдарын өндірумен айналысады. Олар заманауи жабдықтарда өндіріліп, үнемі халықаралық сапа стандарттарына сәйкес сертификатталып отырады.
Өнімдер қазақстандық нарықты қамтып, Ресей Федерациясына да экспортталады.
Бұдан бөлек депутаттар ұйымның еңбек ұжымымен кездесті. Басты мақсат - Президенттің бес әлеуметтік бастамасының негізгі мәселелерін түсіндіру.
(Жігер Байтелесов – 746303, «Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалының ақпараты бойынша).
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі