Астана, 6 қыркүйек, Мәжіліс үйі. 2018 жылғы 6 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Г.Исимбаеваның төрағалығымен «III сессиядағы Фракция жұмысының қорытындысы және Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің IV сессиясының ашылуында қойған негізгі міндеттері туралы» тақырыбындағы фракция жиналысы өтті.
Фракция жетекшісі Г. Исимбаева өзінің кіріспе сөзінде Партия көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысында алтыншы шақырылымының депутаттық корпусының жұмысына жоғары баға бергенін айтты.
Фракция жетекшісі, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулин Палатаның бірінші жалпы отырысында IV сессияның ашылуында Елбасының қойған негізгі тапсырмаларын орындау бойынша алдағы жұмыстың барлық бағыттарын нақты анықтап бергенін де атап өтті.
Одан басқа, Г.Исимбаева депутаттардың Қазақстан Республикасы Президентінің Бес әлеуметтік бастамасының, Елбасы Жолдауының заңнамалық қамтамасыз ететіндігін, және де жаңа тапсырмалардың орындалуына барынша үлес қосатындығын жеткізді.
«Бізге, «Нұр Отан» партиясы Фракциясының мүшелеріне деңгейді түсірмей, Партия Төрағасы қойған міндеттерді бұлжытпай орындау қажет. Себебі, барлық қойылған тапсырмалар еліміздің әрі қарай әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған», - деп өз сөзін қорытындылады Вице-спикер Г.Исимбаева.
Жиналыста III сессиядағы фракция жұмысының қорытындылары мен фракция мүшелерінің IV сессияда алдына қойылған негізгі тапсырмалар бойынша фракция жетекшісінің бірінші орынбасары А.Базарбаев сөз сөйледі.
Ол өз сөзінде фракция жұмысының басты бағдары «Нұр Отан» партиясы Төрағасының тапсырмаларын тиімді орындау және Партияның сайлауалды бағдарламасы «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» жөніндегі міндеттер басты болып қалатынын айтты.
Жиналыс барысындағы ашық талқылауда Фракция мүшелері Н.Сабильянов, С.Омаров, Б.Мамраев, З.Аманжолова, Б.Оспанов төртінші сессияның ашылуында Елбасымыз, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қойған зор тапсырмаларын заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті.
Жиналыстың қорытындысы бойынша төртінші сессияға арналған Іс-шаралар жоспарын бекіту бойынша фракция қаулысы қабылданды.
Жиынға «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Ф.Қуанғанов, Мәжіліс депутаттары - Фракция мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобының мүшелері қатысты.
(74-63-01, Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі, «Нұр Отан» партиясы фракциясының ақпараты бойынша).
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі