Астана, 7 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Дүйсенбі, 10 қыркүйекте Мәжілісте Үкімет сағаты өтеді.
Тақырыбы - «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде автомобиль жолдарын дамыту.
Баяндамашы – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.
Үкімет сағаты шеңберінде Мәжілістің жалпы отырыс залының фойесінде көрме ұйымдастырылады.
Үкімет сағаты сағат 10.00-де Мәжілістің жалпы отырыс залында өтеді.
(Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі, 74-63-01).
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі