Нұр-Сұлтан, 18 наурыз, Мәжіліс үйі. Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросының шешімі бойынша депутаттар және аппарат қызметкелерінің бір күндік еңбекақысын коронавирус инфекциясына қарсы күреске бағыттау туралы Қаулы қабылданды.
Қаржы карантин енгізілген Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында COVID-19 коронавирус эпидемиясымен күреске қажетті шараларды жүзеге асыруға арналады.
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин атап өткендей, ел басшылығы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауқымды шараларды қолға алуда. Осындай қиын-қыстау кезеңде барлық қазақстандықтар ортақ мақсат жолында күш біріктіруіміз керек.
(Мәжілістің Баспасөз қызметі – 74-63-02)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі