Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
25.12.2020

Н.Нығматулин: Мәжіліс депутаттары бірқатар маңызды халықаралық келісімдерді қарайды


Нұр-Сұлтан, 25 желтоқсан, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Депутаттар қарауына дипломатиялық қызмет туралы заң жобасы ұсынылды.

Аталған заң жобасын қабылдау дипломатиялық қызмет органдары жүйесінің қызметін нормативтік реттеуді жетілдіруге, халықаралық ұйымдарда жұмыс істеу үшін дипломатиялық қызмет персоналының ынтасын арттыруға, осы органдардың қаржылық тәртібін нығайтуға және олқылықтарды жоюға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар ратификацияланатын заң жобалары да қарастырылған. Атап айтқанда: бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісім, сондай-ақ, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама.

Бюро отырысында Мәжіліс депутаттары Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты, өнеркәсіптік қауіпсіздік және ғылым мәселелері бойынша заң жобаларын екінші оқылымда қарамақ.

Күн тәртібінің жобасына инклюзивті білім беру туралы заң жобасымен жұмысты одан әрі жалғастыру көзделген.

Сондай-ақ, Палатаның алдағы жалпы отырысында сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша заң жобасын жұмысқа алу жоспарланған.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, суретті түсірген Ж.Құспанов).

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі