Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
26.02.2021

Н.Нығматулин: Мәжіліс депутаттары тауар белгілері туралы халықаралық келісімді қарайды


Нұр-Сұлтан, 26 ақпан, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Бюро отырысында депутаттар қарауына Еуразиялық экономикалық одақтың тауар және қызмет көрсету белгілері және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылды.

Шарттың мақсаты тауар және қызмет көрсету белгілеріне, тауар шығарылатын жерлердің атауларына қатысты құқықтарды алудың өңірлік жүйесін құру.

Сонымен қатар, күн тәртібінің жобасында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі өнімдеріне акциздер саласындағы салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы бар.

Бұл құжат темекі өнімдеріне акциздерді кезең-кезеңмен үйлестіруді көздейді.

Сондай-ақ, алдағы жалпы отырыста депутаттар микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу  мәселелері бойынша түзетулерді екінші оқылымда қарайтын болады.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01. Суретті түсірген Ж.Құспанов).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі