Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
01.03.2021

Мәжілісте Қазақстан мен Украина арасындағы парламентаралық байланыс талқыланды


Нұр-Сұлтан, 1 наурыз, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан мен Украинаның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Петр Врублевский бейнеконференция байланысы арқылы кездесіп, Қазақстан мен Украина арасындағы парламентаралық байланыстың жай-күйін талқылады

Кездесу барысында А.Құспан елдер арасында қазіргі уақытта мемлекетаралық қатынастардың барлық саласы бойынша 100-ден астам құжатты құрайтын айтарлықтай шарттық-құқықтық база қалыптасқанын атап өтті.

Елшінің пікірінше, бұл парламенттік дипломатияның әлеуетін кеңінен пайдалану қажет.

Тараптар парламентаралық интеграцияны, оның ішінде, ынтымақтастықты одан әрі арттыруға ерекше мән берді.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі – 74-63-01. Суретті түсірген С.Майлыбаев).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі