Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
23.06.2021

Нұрлан Нығматулин Мәжілістің бірінші сессия жұмысын қорытындылады


Нұр-Сұлтан, 23 маусым, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінің жетінші шақырылымының алғашқы сессия жұмысы қорытындыланды.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Палатаның жалпы отырысында осы сессия өз жұмысын  қасиетті тәуелсіздігімізге 30 жыл толған  тарихи  кезеңде бастағанын алға тарта келіп:

Осы сессиядағы жаңа және нақты қадамдар Мәжілістің заң шығару жұмысын одан әрі күшейтуге жол ашты.Соның нәтижесінде, Мәжіліс саяси, әлеуметтік, экономикалық маңызы зор көптеген заңдарды қабылдады. Көптеген парламенттік шаралар ұйымдастырылды. Бұл жолда біз, ең алдымен, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Стратегиялық бастамаларын және Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алға қойған міндеттерін басшылыққа алдық. Оның барлығы, халқымыздың өмір сапасын арттыруға, еліміздің тұрақты дамуын заң деңгейінде қамтамасыз етуге ықпал етті, - деді.

Нұрлан Нығматулин атап өткендей, сессия барысында депутаттар өздерінің заң шығарушылық бастамаларын белсенді қолданып, 10 заң жобасын әзірлеп шықты.

Сонымен қатар, осы сессияда 230-дан аса депутаттық сауалдар жолданды. Олар индустриялық-инновациялық даму, қаржы, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және аймақтық даму мәселелеріне бағытталды.

Сондай-ақ, Палата Спикері сессия аяқталғанымен депутаттар өңірлерге, шалғайдағы ауылдық жерлерге барып сайлаушылармен кездесетінін айтты.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі – 74-63-01. Суретті түсірген Ж.Құспанов).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі