Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
14.10.2021

Мәжіліс Палатаның іс-шараларына қатысу үшін журналистерді тіркеу басталғаны туралы хабарлайды


Нұр-Сұлтан, 14 қазан, Мәжіліс үйі. Мәжілістің Баспасөз қызметі VII сайланған Мәжіліс депутаттарының заң шығару қызметін екінші парламенттік сессияда жариялау үшін журналистерді тіркеуді бастайды.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты Мәжілісте тіркелген журналистердің офлайн-форматта қатысу мүмкіндігі туралы шешім қабылданды.

Осы ретте, Мәжіліс ғимаратында жұмыс істеу кезінде бетперде тәртібін және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.

Мәжіліс ғимаратына кіру Мәжілісте тұрақты аккредитациядан өткен, "Ashyq" жүйесінде қауіпсіз ("жасыл") мәртебесі бар немесе 3 күннен аспайтын мерзімге COVID-19-ға теріс ПТР тесті бар журналистерге рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттарының қатысуымен өтетін барлық іс-шаралар бұрынғыдай палатаның ресми сайтында және ютуб арнада онлайн режимінде жүргізіледі.

Тіркеу туралы толық ақпаратты Мәжілістің баспасөз қызметінен алуға болады.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01, суретті түсірген Ж.Жұмабеков)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі