Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
10.01.2022

Мәжіліс депутаттары қайғылы оқиғада қаза тапқандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды


Нұр-Сұлтан, 10 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Бюро отырысы өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 10 қаңтарда елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялануына орай, депутаттар қайтыс болғандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды. 

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин барлық депутаттар атынан еліміздің бірқатар өңірлерінде болған қайғылы оқиғалардың салдарынан қаза тапқандардың жақындары мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01. Суретті түсірген Ж.Жұмабеков).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі