Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
16.05.2022

Мәжіліс депутаттары Шығыс Қазақстан облысындағы дәрігерлерді референдумға қатысуға шақырды


Нұр-Сұлтан, 16 мамыр, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясының республикалық партиялық штабының мүшелері Зарина Камасова, Игорь Панченко және Ирина Унжакова Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық «Ана мен бала» орталығына барды.

Мекеме ұжымымен әңгіме барысында депутаттар Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша алдағы жалпыхалықтық референдумның мән-мағынасын түсіндірді.

- Біз Шығыс Қазақстан облысының бірнеше аудан және қалаларында болып, Конституцияға енгізілетін өзгерістермен толықтырулар бойынша халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Тұрғындар жалпыхалықтық референдумнан үлкен үміт күтетіндіктерін жеткізуде. Жалпы, референдум Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан» бастамасын жүзеге асырудың алғашқы баспалдағы болмақ, – деді республикалық штабтың мүшесі Ирина Унжакова.

Конституциялық референдум мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп, елдегі саяси ахуалға жаңа дем береді. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясының нақты жүзеге асуының дәлелі. Сонымен қатар мажоритарлы сайлау жүйесінің енгізілуі сайлаушылардың республикалық ғана емес, жергілікті жердегі де мүддесін жіті қорғауға мүмкіндік туғызады,- деді Зарина Камасова.

Жалпы «AMANAT» партиясының республикалық партиялық штабының мүшелері Шығыс Қазақстан облысының тек ғана орталығында емес, шалғай ауылдар мен аудандарына да барып, жалпыхалықтық референдумның маңыздылығы жайлы тұрғындарға түсіндіру жүргізуде.

 

(Ақпарат және фото «AMANAT» партиясының облыстық филиалының материалы бойынша)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі