Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
21.10.2022

Мәжіліс жер учаскелеріне құқықтар беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерді цифрландыру туралы заң жобасын қарайды


Нұр-Сұлтан, 21 қазан, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Депутаттар жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда талқылайтын болады.

Заң жобасында мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде лауазымды тұлғалармен жер құқықтық қатынастары субъектілерінің өзара іс-қимылын қысқарту мақсатында жер учаскелеріне құқықтар берудің электрондық форматын енгізу ұсынылады.

Сонымен қатар Мәжіліс депутаттары «Ерекше тауарларды бақылау туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарайтын болады.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі – 74-63-01. Суретті түсірген Ж. Жұмабеков)

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі