Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
09.06.2023

Мәжілісте Ұлттық қордан балаларға төлем жасау мәселелері бойынша заң жобасы қаралады


Астана, 9 маусым, Мәжіліс Үйі. Бүгін Палата Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Мәжіліс Бюросының отырысы өтті. Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды.

Депутаттардың талқылауына бірінші оқылымда Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға төлем жасау  мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер ұсынылады.

 Бұл заң жобасын Парламент депутаттары Мемлекет басшысының 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап «Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында әзірледі.

Алдағы жалпы отырыста «Кәсіптік біліктілік туралы» және оған ілеспе заң жобасы екінші оқылымда қаралатын болады. 

Сонымен қатар депутаттар орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты, сондай-ақ ҰҚШҰ Жарғысына өзгерістер енгізу туралы төртінші хаттаманы ратификациялауға байланысты заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін айқындайды.

Мәжілістің Баспасөз қызметі-74-63-05.

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі