Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
19.03.2012

Мәжіліс депутаттары Оңтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек қолын созды


Мәжіліс депутаттары Оңтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек қолын созды

 

Астана. 19 наурыз. Мәжіліс үйі. Оңтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың жағдайы ешкімді де бей-жай қалдырмасы анық. Бізге жеткен мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі таңда көктемгі су тасқынынан оңтүстік өңірде үш аудан, екі қала, 30 ауыл зардап шегіп, 1327 үй су астында қалған.

Қазір зардап шекен тұрғындарға еліміздің барлық өңірінен қолдау жасалып жатыр. Бүгін Мәжіліс депутаттары Оңтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсетіп, бір күндік еңбекақыларын аудару туралы ортақ шешімге келді. Үкімет сағыты шеңберінде Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі Шалатай Мырзахметов өз әріптестеріне үндеу жасаған болатын.

Осы орайда Мәжіліс депутаттары Парламент Сенатындағы әріптестерінің бастамасын қолдады.

 

  (Айбатыр Сейтақ, Мәжілістің баспасөз қызметінен. Фотосуретті түсірген Сайлау Майлыбаев. Тел: 74-63-02. Seitak@parlam.kz Ақпаратты Парламент Мәжілісінің Баспасөз қызметі таратты) 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі