Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения

Өмірбаяны

Жеке парағы
СМАҒҰЛ Бақытбек
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

«AMANAT» партиясының мүшесі, «AMANAT» Фракциясының мүшесі.

Qazaqstan Ardagerleri Қауымдастығының төрағасы.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының мүшесі.

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі.

«Қазақстан Республикасы «Унибой» Әмбебап жекпе-жек Федерациясы» РҚБ президенті.

«Қазақстан Республикасының әскери-қолданбалы патриоттық спорттық клубтар Федерациясының» төрағасы.

«Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының» Әскери-патриоттық тәрбиені дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары.

1960 жылы 6 ақпанда Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген.

1975–1978 жж. Қазалы қаласындағы кәсіптік техникалық училищені «Ауыл құрылысының шебері» мамандығы бойынша бітірген.

979–1981 жж. арнайы дайындықтан өтіп, 1979 жылғы 27 желтоқсанда Совет Армиясы қатарында Ауғанстан Демократиялық Республикасында әскери борышын атқаруға аттандырылды.

1982–1985 жж. Алматы құрылыс техникумын «Өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.

2000–2004 жж. Орталық Азия Университетін «заңгер» мамандығы бойынша тамамдаған.

2004–2008 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген.

1985–1989 жж. Алматы қаласы Калинин аудандық құрылыс-жөндеу басқармасында инженер-техқадағалаушы қызметін атқарды.

1989–2005 жылдар аралығында бизнес-құрылымдарда, кәсіпкерлік салада әртүрлі жоғарғы лауазымдар атқарған.

2005–2011 жж. Үкіметтік емес ұйымдардағы қызмет: Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «ҚАЗАҚСТАН АРДАГЕРЛЕРІ» Қауымдастығы төрағасының орынбасары.

2012 жылдан бастап, бүгінге дейін Qazaqstan Ardagerleri Қауымдастығының төрағасы.

2012 жылғы 20 қаңтардан бастап, V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы Фракциясының мүшесі.

2016 жылғы 25 наурыздан бастап, VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы Фракциясының мүшесі.

2021 жылғы 14 қаңтардан бастап, VII сайланған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясының мүшесі, Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

Қызылорда облысының Қазалы ауданының және Алматы облысының Кербұлақ ауданының «Құрметті азаматы».

Қазақстан Республикасының II-ші дәрежелі «Айбын», «Құрмет» ордендерімен, көптеген мерекелік медальдармен, сондай-ақ шет мемлекеттердің наградаларымен марапатталған.

Таэквондодан (тхэквондо) 5-ші дан, қара белбеу иегері.

Елбасының тапсырмасымен «Алғашқы әскери дайындық» пәнінің Мемлекеттік бағдарламасының жобасын жасаушы.

Бақытбек Смағұл – ҚР Президентінің 2016 жылғы 2 ақпандағы №187 Жарлығымен бекітілген «Армысыңдар, айбынды сарбаздар!» атты әскери сәлемдесудің авторы (оған дейін әскерде «Сәлеметсіздер ме?» сәлемдесу рәсімі қолданылған). Бақытбек Смағұл – ҚР Қорғаныс министрі бекіткен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің «Ар-Намыс кодексінің» теңавторы.

Бақытбек Смағұл – белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. «Ауғанның от жалыны», «Оқ пен Отан» өлеңдер жинақтарының; «Мен көрген соғыс», «Война, которую видел я», «Қан кешкен күндер», «Намыстың құлы – Алаштың ұлы», «Қазақтың Қара майоры», «Король Панджшера», «Қаһарман», «Герой», «Тағдыр тозағы», «Ад судьбы», «Қолбасшы күнделігі – Дневник полководца», «Үш қырлы жебе», «Трехгранная стрела», «Н.Назарбаев.Алтын ғасыр» секілді орыс және қазақ тілдерінде шыққан кітаптардың авторы. 2020 жылы оның таңдаулы шығармаларының ІІІ томдық жинағы жарық көрді.

Халық жазушысы Әбіш Кекілбай Бақытбек Смағұлды «толғау жанрын дамытушы ақын» ретінде жоғары бағалаған. Қазіргі кезде Б.Смағұлдың 30-дан астам өлеңі әнге айналған және олар еліміздің танымал әншілерінің репертуарына кірген. Композитор Сәкен Қалымов Бақытбек Смағұлға «Қазақтың қасқыр ұлы» патриоттық әнін арнаған.

2011 жылы «Қазақфильм» киностудиясы Бақытбек Смағұлға және оның ерлік істеріне арнап, Ауғанстан Ислам Республикасында «Мен көрген соғыс» фильмін түсірді. 2019 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігі мен «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы кәсіпкерлердің демеушілігімен және қаржылай қолдауымен Б.Смағұлдың ерлік жолының және туындыларының ізімен, «Ауғанстан: бақтың кілті бітімде» атты деректі фильм түсірді. Бауыржан Момышұлының ұлы, жазушы, ғалым Бақытжан Момышұлының соңғы туындыларының бірі – «ТРОПА ПЕРА И ДОРОГА МЕЧА Сага о Бахе-афганце» көлемді кітабы Б.Смағұлға және оның ерліктеріне арналған.


Жеке парағы