Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения

Өмірбаяны

Жеке парағы
ӘБІЛДАЕВ Азамат Рахатұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі
1972 жылы Алматы олысы Жамбыл ауданы Қастек ауылында туған.

Қазақ ұлттық техникалық университетін және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттерін бітірген.

1999-2004 жж. - «Алмаз» шаруа қожалығының басқарушы директоры.

2004-2007 жж. - «Агрофирма Түрікпен» ЖШС бас директоры.

2007-2009 жж. - «Торгово-финансовый холдинг «ПромИнвестАзия» ЖШС президенті.

2009-2010 жж. аралығында – «ПромИнвестАзия» Сауда-қаржы холдингі» ЖШС консультанты, бақылаушылар Кеңесінің төрағасы.

2010-2011 жж. – «Қазақстан тас өнімдері» ЖШС президенті.

2011-2012 жж. – «Корпорация «Казгранит» ЖШС президенті.

2012 -2016 жж. бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2017-2020 жж. - «Агрофирма Түрікпен» ЖШС консультанты, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы төрағасының орынбасары.

2021 жылдан жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

"Құрмет" орденімен, "Ерен еңбегі үшін", "За верность делу» ІІ дәрежелі, "Қазақстан Конституциясына 20 жыл", "Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл", "Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық "Бірлік" алтын медальдарымен, «Мамандығы бойынша үздік» дипломымен марапатталған.

1998 жылдан – «Ақбөкен» қоғамдық қорының мүшесі. 2015 жылдан Қалмақ тұқымының Республикалық Палатасының төрағасы, 2021 жылдың қыркүйек айынан "Қазақстанның Ет Одағы" ДКЗТБ басқармасының төрағасы, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының мүшесі.

Үйленген, екі ұл, бір қызы бар.


Жеке парағы