Өмірбаяны

Жеке парағы
ПЛАТОНОВ Артур Станиславович
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі
Қазақстанның Азаматтық альянсының вице-президенті, тележүргізуші)

1974 жылы Аламаты қаласында туған. Чайковский атындағы Мемлекеттік Мәскеу консерваториясының тарихи-теориялық факультетін, аспирантурада оқыған. «Оперы Верди 40-ых годов» монографияның авторы және 50-ден астам батыс еуропалық музыка театрының тарихы жөніндегі ғылыми жұмыстарының авторы.

1999-2010 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында батыс еуропалық музыка театрының тарихы жөнінде авторлық курста лекция оқыды.

2010 жылдан бастап Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің Менеджмент және қоғамдық тәртіп кафедрасының профессоры (Алматы қаласы),

2006 жылдан бастап Теледидар және радио Халықаралық Еуразиялық академиясының академигі (Мәскеу).

2006-2007 жылдары – «КТК» АҚ-ның президенті, 2007 жылдан бастап – КТК-ның жеке хабар тарату арнасының директоры. 2014 жылдан – 2016 жылғы наурыз айына дейін КТК-ның стратегиялық дамуы бойынша директоры.

2000-2011 жылдары КТК телеарнасындағы «Портрет недели» қорытынды ақпараттық бағдарламасының басшысы, авторлық сценарий жүргізушісі болған. «Гэллап Медиа» мәлімдемесі бойынша Қазақстанда және ТМД-да бұл бағдарлама ең рейтингілік бағдарлама болып табылған. «Портрет недели» бағдарламасы 9-шы және 12-шә Еуразиялық телефорумдарында (2006 ж., 2009 ж., Мәскеу) үздік ақпараттық-талдау (ақпараттық-публицистикалық) бағадарламасы болып танылды.

2011 жылғы 11 қыркүйектен бастап – «Слуги народа» бадарламасының жүргізушісі және автор прдюсері.

2015 жылдан бастап қайтадан Портрет неделиге шақырылған. Басшы, автор және жүргізуші.

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы БАҚ бойынша Қоғамдық кеңесінің мүшесі (2002 жылдан бастап), «Нұр Отан» партиясы жанындағы жемқорлықпен күрес бойынша Қоғамдық кеңесінің мүшесі (2008 жылдан бастап); «Нұр Отан» партиясы төрағасы орынбасарының кеңесшісі (2008-2012 жылдар) Парламент Мәжілісі төрағасының кеңесшісі (2012-2014 жылдар), ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық штабының республикалық мүшесі (2011 ж.), Мемлекеттік қызметтер жөніндегі агенттігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі (2012 ж.), Бас прокуратура жанындағы заңдылықты бақылау жөніндегі байқау кеңесінің мүшесі (2013 ж.), «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі (2013 ж.), Сайлауалды республикалық штабының мүшесі (2011, 2015, 2016 жж.), Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кеңестің мүшесі (2014 ж.), Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Адам құқығы жөнiндегi комиссиясының сарапшысы (2015 ж. бастап), Қазақстанның Азаматтық альянсының вице-президенті (2013 ж. бастап), 2015 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының кеңесшісі. (2017-2020 жылдар) Православтардың парламентаралық ассамблеясында (ППА) Еуразиялық экономикалық одақпен байланыс жөніндегі Комитетінің төрағасы болып сайланды. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) парламентаралық жұмыс тобының мүшесі. Ресей Федерациясы Президентінің сайлауында бақылаушы болды (Мәскеу-2018 ж.). «Нұр Отан» партиясының «Үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі» номинациясы бойынша жеңімпаз грамотасын иеленді (2018 ж.).

2016 жылғы 24 наурыздан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.

2017 жылғы 15 наурыздан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, "Нұр Отан" партиясының мүшесі, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті мүшесі.

2021 жылғы 15 қантардан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты, "Нұр Отан" партиясының мүшесі, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мүшесі.

2021 жылғы 26 ақпаннан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Nur Otan партиясы бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Мемлекеттік және халықаралық марапаттар, сыйлықтар, құрмет атағы:

Қазақстан журналистер одағының сыйлығы (2004 ж.) - «Портрет недели» бағдарламасын құрғаны және жүргізгені үшін.

Қазақстан Республикасы Ақпарат, мәдениет және спорт министрлігінің сыйлығы (2004 ж.) – елдің үздік теле жүргізушісі.

«Жыл теле журналисті» номинациясы бойынша «Алтын адам» атағы (5 рет), «Кәсіби қызыметіндегі патриотизм және батырлығы үшін» «Жыл адамы» номинациясы бойынша (2006).

Елбасының алғысы (2005, 2011 жж.) – сайлау алды кампаниясына белсенді қатысқаны үшін.

«Онжылдық журналист» атағы (2009ж.)

Тұңғыш Президент қорының медалі мен сыйлығы - «Портрет недели» бағдарламасы үшін (2009ж.)

Жемқорлыққа қарсы күреске үлес қосқаны үшін «Нұр Отан» партиясының сыйлығы (2009ж.)

«Жемқорлыққа қарсы күреске үлес қосқаны үшін» Нұр Сұңқар сыйлығы (2010ж.)

«Победили вместе» 9-шы Халықаралық кинофестивалінің жеңімпазы (2013 ж. Севастополь) – «Проданные души» деректі фильмі үшін.

4-ші Канн фестивалінің Е33 санатындағы «Үздік сценарий» жеңімпазы (The 4th Cannes Corporate Media & TV Awards, Франция 2013 ж.) - «Проданные души» деректі фильмі үшін («The Sold Souls»).

«Соғыссыз және әскери қақтығыссыз бейбіт әлем үшін» I-ші халықаралық фестивалінің жеңімпазы, "Sold souls", «Сатылған жандар» фильмі (Мәскеу, 28 ел, 1 - Қазақстан, 2 - Франция, 3 - Ресей) (2016ж.)

«Любимец года» сыйлығы 2013-2014 жж.

«Ұлттық тануда қоғам мен басшы арасындағы диалогты дамытуға үлес қосқаны үшін» сыйлық (2014 -2015 жж.)

«Елдің үздік журналисті» номинациясы бойынша «Алтын Жұлдыз» жалпы ұлттық журналистика сыйлығы (2014ж.)

Елдің саяси және экономикалық өмірін кеңінен таратқаны үшін ҚР Президентінің грант иегері.

Құрмет ордені (2010ж.)

Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай медаль (2015 ж.)

«Отан алдындағы қызмет үшін» номинациясында «Алтын адам» («Жыл адамы») атағы (2016ж.)

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы «Баспасөз және ақпарат дамуындағы еңбегі үшін» құрмет белгісі (2016ж.)

"Қазақстан Республикасының Тәүелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалімен наградталды (2016 ж.)

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы «Баспасөз және ақпарат дамуындағы еңбегі үшін» құрмет белгісі (2016-2017ж.)

«Ұлттық қауіпсіздікке қосқан үлесі үшін» медалі (2017ж.)

«Алтын адам» сыйлығы («Жыл адамы») - билік пен қоғам арасындағы диалогты қалыптастыру үшін (2016-2017 жж.), «Ұлттық мойындау» сыйлығы - елдің ақпараттық қауіпсіздігін қорғауға қосқан үлесі үшін (2018), Елбасының «XXI ғасырдың соғысы және аңызы» деректі фильміне алғысы (2018 ж.)

«Алтын адам» сыйлығы («Жыл адамы») - шынайы халық депутат "Қоғамдық танылу" үшін (2020)

Үйленген, екі баласы бар.


Жеке парағы