Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения

Өмірбаяны

Жеке парағы
БИЖАНОВА Гүлнар Қадіржанқызы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі
1969 жылы Қарағанды облысы Қаражал қаласында туылған. Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заң құқықтанушы, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бакалавр-қаржыгер, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын, Жоғары халықаралық бизнес мектебін - MBA «іскер әкімшілдік магистрі» дәрежесін, аталған Академияның «менеджмент» мамандығын – магистр дәрежесін, ІСА Халықаралық ұйымының (Ұлыбритания) комплеанс-офицері жоғары дәрежесін бітірген.

1987-1988 жж. – кіші сатушы

1988-1990 жж. - сатушы

1992-1997 жж. - Қарағанды облысы Ульяновск аудандық әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары

1997-1998 жж. - Қарағанды облысының Бұхар-Жырау ауданы прокурорының көмекшісі

1998-2000 жж. - Қарағанды қаласы прокуратурасының прокуроры

2000-2001 жж. - Қарағанды облысы прокуратурасының Әлеуметтік-экономикалық саланың заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры

2001-2005 жж. - Қарағанды облысы прокуратурасының Мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау басқармасының бас прокуры

2005-2009 жж. - Қарағанды облысы прокуратурасының Мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау басқармасы бастығының орынбасары

2009-2010 жж. – Қазақсан Республикасы Бас прокуратурасының Әлеуметтік-экономикалық саланың заңдылығын қадағалау департаментінің Кәмелетке толмағандарға қатысты заңдардың қолданылуын қадағалау бөлімінің бас прокуроры

2010-2011 жж. – «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС басқармасы төрағасының кеңесшісі

2011-2016 жж. - «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС Құқықтық бақылау департаментінің директоры

2016 -2021 –VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

2021 жылғы қаңтардан –VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» (2020), «Белсенді қызметі үшін» (2018), «Нотариат саласына қосқан үлесі үшін» (2018), «Ерен еңбегі үшін» (2017ж.), «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 25 жыл» (2017ж.) «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016ж.) «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл» (2016ж.), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015ж.), «Қазақстан Маслихаттарына 20 жыл» (2014ж.), «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» (2014ж.), «Прокуратура озаты» 2-дәреже (2006 ж.), "Ұлттық ұлан қызметінің үздігі" (2021), "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 100 жыл" (2021), "Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл" (2021), "Қазақстанның құрметті заңгері" (2021), "Қазақстан Республикасының прокуратурасына 30 жыл" (2021), "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" (2021) медальдарімен наградталған.

Тұрмыста, екі бала тәрбиелеп отыр.


Жеке парағы