Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения

Өмірбаяны

Жеке парағы
ШИПОВСКИХ Геннадий Геннадиевич
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі
1989 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданының Сексеуіл кентінде туған. Әкесі Шиповских Геннадий Павлович пен анасы Куликова Лидия Николаевна қайтыс болғаннан кейін 2004 жылы Макаренко атындағы Қызылорда қалалық балалар үйіне түскен. Сол жылы қазақ отбасы асырап алады.

2009 жылы Қызылорда қаласындағы №6 кешкі мектепті бітіргеннен кейін Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде №5 кәсіптік лицейіне «Машинист көмекшісі» мамандығы бойынша оқуға түседі.

2010 жылы оқуды үздік бітіріп, Қызылорда Локомотив жөндеу депосына жылжымалы құрам слесарі ретінде жұмысқа орналасады.

2013 жылы Қызылорда Локомотив пайдалану депосына «машинист көмекшісі» лауазымына ауыстырылды.

2014 жылы Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда агротехникалық коледжіне оқуға түседі.

2017 жылы Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда агротехникалық коледжіне оқуын бітірді.

2017 жылы Мұхамеджан Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында жоғарғы оқу орнына түсті.

2020 жылы Мұхамеджан Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында жоғарғы оқу орнын аяқтады.

2020 жылы Тұран Университетіне магистратураға түсті

Облыстық және қалалық бірнеше қоғамдық шараларға белсене қатысқан. «Қазақстан темір жолы» АҚ «Evolution» атты «Көңілді тапқыштар клубының» мүшесі.

2016 жылғы 24 наурыздан 2021 жылғы 15 қаңтарға дейін – алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі.

2021 жылғы 15 қантардаң бастан - жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі.

Марапаттар:

«Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медалі;

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі;

«Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалі;

“Ерен еңбегі үшін” медалі.


Жеке парағы