Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения

Өмірбаяны

Жеке парағы
САПАРОВА Әлия Сүйіндікқызы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі
Сапарова Әлия Сүйіндікқызы 1984 жылғы 12 қыркүйекте Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Қазанбасы ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін 2006 жылы «журналистика» мамандығы бойынша, 2010 жылы «юриспруденция» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы «Алау-ТВ» облыстық телеарнасының бағдарлама жүргізушісі болып бастаған.

2006 жылдан бастап А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде тәрбие ісі және қоғамдық келісім жөніндегі проректордың орынбасары, проректор, тәрбие ісі және қоғаммен байланыс басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2010 - 2012 жылдары Қостанай облысының Лисаковск қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2012-2014 жылдары Қостанай облысы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманы басқарған.

2014 – 2016 жылдары Nur Otan партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2016 жылғы наурыз бен 2021 жылғы қаңтар аралығындағы кезеңде алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2021 жылғы 15 қаңтардан бастап жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі "AMANAT" партиясы Фракциясының мүшесі.

«Ерен еңбегі үшін» (2018 жыл) медалімен және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016 жыл.), «Астана 20 жыл» (2018 жыл), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» (2020 жыл.), "10-летие ТЮРКПА" (2018 жыл) мерекелік медальдарымен марапатталған.


Жеке парағы