Жеке парағыБЕРДАЛИН Аманғали Бисенбайұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі 1964 жылы туған, Ақтөбе облысы тумасы.
Білімі: жоғары.
1989 ж. – Саратов мемлекеттік зоотехникалық-ветеринарлық институты, мамандығы – ветеринарлық дәрігер.
2006 ж. – Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университеті, мамандығы – экономист.
1983-1985 жж. - Кеңес Әскерінің қатарында.
Жұмыс тәжірибесі:
1981-1982 жж. – Ақтөбе облысы Қарабұтақ ауданы Т.Г. Шевченко атындағы кеңшардың құрылысшысы
1989-1990 жж. - Ақтөбе облысы Қарабұтақ ауданы Т.Г. Шевченко атындағы кеңшардың аға мал дәрігері.
1990-1994 жж. - Ақтөбе облысы Қарабұтақ ауданы Т.Г. Шевченко атындағы кеңшардың бас мас мал дәрігері.
1994-1999 жж. - «Қарабұтақ» Ұжымдық Кәсіпорынның төрағасы.
1999-2011 жж. - «Қарабұтақ» ЖШС-нің директоры.
2011-2012 жж. - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімінің орынбасары.
2012-2016 ж.ж. - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының әкімі.
2016-2019 жж. - Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімі.
2019-2021 жж. – Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.
2021 жылғы қаңтардан - VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары:
03.12.2001 ж. – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалі;
04.12.2009 ж. – «Тыңға 50 жыл» мерейтойлық медалі;
08.11.2005 ж. – «Құрмет» ордені;
10.11.2011 ж. – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі;
05.08.2015 ж. – «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалі;
29.11.2016 ж. – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі;
21.11.2018 ж. – «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалі;
20.08.2020 ж. – «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалі;