Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения

Өмірбаяны

Жеке парағы
ТӨЛЕПБЕРГЕН Мейрамбек Мылтықбайұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі
1957 жылы 13 мамырда Жамбыл облысында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1981 жылы Қазақтың С.М. Киров атындағы мемлекеттік университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген.

1981-1991 жылдары – Алматы облыстық «Жетісу» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшының орынбасары;

1991-1996 жылдары – Республикалық «Халық кеңесі» газетінің сектор меңгерушісі, бөлім редакторы;

1996-2007 жылдары – «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ газетінің бөлім меңгерушісі, саяси шолушысы, Алматы филиалының жетекшісі;

2007-2008 жылдары - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның қоғаммен байланыс жөніндегі департамент директоры;

2009-2010 жылдары – «Қазақ газеттері» ЖШС-нің Жамбыл және Алматы облыстары бойынша өкілі;

2010-2012 жылдары – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары;

2012-2017 жылдары - «Қазақстан» РТРК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры, басқарма төрағасының кеңесшісі;

2017-2021 жылдары – «Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы.

2021 жылғы қаңтардан бастап VІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, "AMANAT" партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2001ж.), Қазақстан Республикасының Президенті грантының иегері (2005 ж.), «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілген (2013ж.), он кітаптың авторы.

Үйленген, екі қызы бар.


Жеке парағы